Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда темекі қымбаттады

Қазақстанда темекі қымбаттады

1 қаңтардан бастап темекі бағасы өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Жауапты органдардың шешіміне сәйкес, ең арзан темекі енді 630 теңгеден сатылады. Ал салада жүрген кәсіпкерлердің айтуынша, бұл сома 650 теңге шамасында болуы керек. Өйткені бұл өнімдер негізінен шетелден әкелінеді. Ал қазіргі валюта бағамы темекі құнын бір деңгейде ұстап тұруға келмейді.

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, елімізде 4 миллионға жуық адам темекі тартады. Алайда бұл тек ресми ақпарат. Шын мәнінде олардың саны әлдеқайда көп. Сәйкесінше мұндай өнімге деген сұраныс та әрдайым жоғары.

Темекі бағасы қанша өссе де оны сатып алатындар қатары азаяр емес. Бірақ кәсіпкерлердің мәлімдеуінше, оның қымбаттау себебі басқа.

"Біз бизнес әр қорабының бағасы 650 теңгеден кем болмауы деп ұсындық. Ең төменгі баға адал темекі өнімдерін әкелетін компаниялар, өндірістегі затраталар, шикізаттар, расходтар, 10-15 пайыз пайдасы бар. Күрделі саудада көтерме саудада қосатын үлесі ең төменгі баға қандай екенін көрсетеді", - дейді "Қазалкотабак" қауымдастығының президенті Әміржан Қалиев.

Темекінің қымбаттауына акциз бағасының өсуі де әсер етіп отыр. Бұл норма жақында Мемлекет басшысы қол қойған Салық кодексінде қарастырылған. Жауапты ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, мұндай шешім темекі тартатындар санын азайтуға бағытталған.

"1 қаңтардан акциз ұлғайтылады. 2022 жылы 100 000 дана фильтрлі темекі 12 300 теңге акциз қарастырылса, 2023 жылдан бастап 1000 дана фильтрлі темекі 14 100 теңге акциз мөлшерлемесі болады. 2024 жылдан бастап 1000 дана фильтрлі темекі 15 900 болады. Қазір халықтың арасында қыздырылған темекі де акциз мөлшерлемесі ұлғайтылады", - дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі департаментiнiң бас сарапшысы Жазира Мыңбаева.
02 қаңтар 2023 ж. 270 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930