Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек министрі: Мемлекеттік жәрдемақылардың бәрі өседі

Еңбек министрі: Мемлекеттік жәрдемақылардың бәрі өседі

Министр базалық зейнетақы артатынын айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәжіліс депутатының айлық есептік көрсеткіш өлшемін қолданудан бас тарту туралы ұсынысына пікір білдірді.

"Конституцияға сәйкес, мемлекет тарапынан кепілдендірілген жәрдемақылар бар. Мемлекеттің мүмкіндігіне қарай, көмек көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар бар. Сондықтан да атаулы әлеуметтік көмек бойынша күнкөріс деңгейін 2025 жылдан бастап медиандық табыс есебінен анықтаймыз. Ал зейнетақы бойынша базалық зейнетақыларды өсіріп жатырмыз, 2028 жылға қарай ең төменгі еңбекақыға ауыстыру мәселесін қарастырып жатырмыз", – деді министр.

Министрдің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін мемлекет тарапынан кепілдендірілген базалық жәрдемақылар күнкөріс деңгейінің есебінен немесе медиандық табыс есебінен немесе ең төменгі жәрдемақы есебімен беріледі.

"Мемлекет тарапынан кепілдендірілген барлық жәрдемақы көтеріледі. Себебі, ол азаматтың ең негізгі табыс көзі. Оған қосымша қандай да бір статусқа ие болса, онда ол азаматтарға мемлекет тарапынан қосымша арнаулы жәрдемақы беріледі. Ол АЕК есебінен есептелетін болады. Ол мемлекеттің қаржылай мүмкіндігіне байланысты беріледі. Ал АЕК жыл сайын инфляция есебінен көтеріліп отырады. Сондықан АЕК есептік көрсеткіш ретінде әлеуметті қосымша қолдау ретінде қалатын болады", – деді министр.

05 желтоқсан 2022 ж. 437 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 202

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 171

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930