Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас санитар дәрігер сайлауға бетпердемен баруға кеңес берді

Бас санитар дәрігер сайлауға бетпердемен баруға кеңес берді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова сайлауға бетперде киіп баруға кеңес берді, деп хабарлайды sputnik.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, коронавирус бойынша барлық аймақ "жасыл" аймаққа кіреді. Республика бойынша күн сайын вирус жұқтырған 70 адам тіркеледі. Ал жіті респираторлық вирустар мен тұмау күшейіп келеді.
Осы уақытқа дейін мыңнан астам адамның тұмау жұқтырғаны зертханалық талдаумен дәлелденсе, бір миллионнан астам адам респираторлық инфекцияны жұқтырған. Оларлың арасында балалар да аз емес.
"Қазір коронавирус бойынша жағдай тұрақты, бірақ біз респираторлық инфекциялар мен тұмау маусымы аяқталған жоқ. Вирусты жұқтыру жолдары бірдей. Одан қорғану шаралары да ұқсас. Қазір бетпердені киюге міндет жоқ. Бірақ әрбіреуіміз тұмаудың ерте басталғанын ескеріп, сақтық шараларын ұмытпауымыз керек. Демек, кез келген сайлаушы бетперде киіп, дауыс бере алады", - деді Есмағамбетова орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.
Санитарлық департамент сайлау комиссияларына да бетперде киюге кеңес берді. Себебі учаске арқылы көп адам өтеді, вирусты жұқтыру қаупі жоғары.
18 қараша 2022 ж. 260 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 126

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031