Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық коалиция Тоқаевты ұсынуды қолдаған 400 мыңға жуық қол жинады

Халықтық коалиция Тоқаевты ұсынуды қолдаған 400 мыңға жуық қол жинады

Жақын арада Жалпыреспубликалық сайлауалды Штаб өз жұмысын бастайдыБүгін Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркеді. Халықтық коалиция мүшелері тиісті куәлік алды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңының 59-бабы 5-тармағында көзделген барлық құжат заңда белгіленген мерзімде алынды. Кандидатты тіркеу үшін қажетті барлық рәсім сақталды. Осылайша, ОСК Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
ОСК отырысынан кейін «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Бүгін Халықтық коалицияның атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгенін растайтын ресми құжат алдым. Бірнеше күн ішінде 400 мыңға жуық қол жинадық. Жақын арада Жалпыреспубликалық сайлауалды Штаб өз жұмысын бастайды. Оның құрамында Халықтық коалицияға кіретін барлық партия мен қоғамдық бірлестіктің көрнекті өкілдері болады», – деді ол.
Еске сала кетейік, биыл 8 қазанда Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев оған ҚР Конституциясымен және «ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сай келетінін анықтады.
Халықтық коалицияның құрамында «AMANAT» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, сондай-ақ 20-дан астам республикалық қоғамдық бірлестік кірді. Олардың арасында: «Ардагерлер ұйымы», «QAZAQSTAN TEAM», «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі», «Генералдар кеңесі», «Қазақстандық спортшылар одағы» және т.б. бар.
12 қазан 2022 ж. 388 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 65

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 41

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 73

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 79

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031