«Үсік, тұман, жел»: 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қатты жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 23 м/с артады. Түнде өңірдің солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі."Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 23 м/с артады. Түнде өңірдің солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Шымкент қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысы мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде өңірдің батысында, оңтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің шығысында кей уақытта жылдамдығы 25 м/с күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде өңірдің шығысында күші 15-20 м/с артады.
Астана қаласында түнде және таңертең тұман болжанады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысын тұман басады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз өңірдің оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысының оңтүстігі мен батысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 25 м/с артады.
Түнде 10-12 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болжанады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал. Түнде таулы аудандарда 3 градус үсік күтіледі.