Ақпараттық-насихаттық топ Бозкөл ауылында
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің дамуына бағыт-бағдар берген «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында құрылған арнайы ақпараттық-насихаттық топ өкілдері, Бозкөл ауылы тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді.
Жиынға Саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаты Мінәжадин Өтеев, аудандық мәслихат депутаты Жанат Көланова және «Бозкөл» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мархаббат Қаниев және ауыл тұрғындары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша насихаттық топ өкілдері бірқатар баяндамалар жасап, Жолдаудағы әлеуметтік - экономикалық реформаларды жүзеге асыру жолдарын қамтитын 5 бағдарға тереңірек тоқталып өтті.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары да ел Президентінің бастамаларын қолдайтындықтарын, реформалардан болған өзгерістерден үлкен үміт күтетіндіктерін жеткізді.
#AMANAT