Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық Банкі қаржы мамандарын оқытуға 42 грант бөлді

Ұлттық Банкі қаржы мамандарын оқытуға 42 грант бөлді

Қаржы саласында білікті кадр даярлау ісі Nazarbayev University және Нархоз университетіне тапсырылып отыр.Аталған білім ордалары грантты өзара бөледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Nazarbayev University-нің Master of Science in Finance бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылына арналған түсу емтихандарының нәтижесіне сай 20 кандидатқа Ұлттық Банктің гранттарын ұсынды. Ал, Нархоз университетінде "қаржы талдаушысы", "қаржылық тәуекел-менеджер", "макроталдау және болжау" және "актуарий" бағдарламаларына 22 магистрант іріктеуден сәтті өтіп, Ұлттық Банктің гранттарын иеленді.
Студенттермен оқу шарттары жасалады. Олар оқу аяқталғаннан кейін Ұлттық Банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады.
Бұған дейін Нархоз университеті және Ұлттық банк арасындағы ынтымақтасқа сәйкес 2003 пен 2018 жылдар аралығында 700-ден астам магистрант даярланды. Алғашқы лекті аяқтаған 11 магистрант Ұлттық Банкке және 8 магистрант Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасты. Ал, Nazarbayev University-мен арадағы ынтымақтастық бойынша Master of Science in Finance бағдарламасы бойынша оқыған 75 магистранттың 50 түлегі Ұлттық Банкте жұмыс істейді. Қалған түлектер – қаржы секторында.
Бағдарламалардың мазмұны және оқуға қойылатын талаптармен Nazarbayev University Жоғары бизнес мектебінің gsb.nu.edu.kz/programmy сайтында және Нархоз университетінің қолданбалы қаржы магистратурасының applied-finance.narxoz.kz сайтында танысуға болады.
03 қазан 2022 ж. 247 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 45

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 93

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 99

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 72

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 102

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031