Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді 17 желтоқсан Қазақстанда жұмыс күні болады

Енді 17 желтоқсан Қазақстанда жұмыс күні болады

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тек 16 желтоқсанда атап өтеді Қазақстанда желтоқсан айындағы демалыс күндердің саны қысқарды.
Нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңның жаңа редакциясы жарияланды.
Оған сәйкес, енді қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тек 16 желтоқсанда атап өтеді. Сәйкесінше, сол күні демалады. Ал 17 желтоқсан – жұмыс күні.
Сондай-ақ Тәуелсіздік күні "ұлттық мереке" деген мәртебесінен айырылды. Бұдан былай ол мемлекеттік мереке саналады.
Бұған дейін заң бойынша Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсан аталып өтетін.
Сонымен қатар осы заңда 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Енді бұл күні демалыс болмайды.
Бұдан бөлек, күнтізбеге 25 қазанда тойланатын ұлттық мейрам – Республика күні еніп отыр.
Айта кетері, биыл ел халқы Республика күніне орай қатарынан үш күн – 23, 24 және 25 қазан демалады. Ал сенбі, 22 қазан жұмыс істейді.
Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
30 қыркүйек 2022 ж. 1 375 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930