Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастауыш ұйым бастамаларды қолдайды

Бастауыш ұйым бастамаларды қолдайды

Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы «Қазалы Келешек» бастауыш партия ұйымында жиналыс өтті. Жиынды бастауыш партия ұйымының төрағасы Әліпбаев Талғат Әзімжанұлы ашып, жүргізіп отырды.
Жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралып, талқыланды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасымен партия мүшелерін кеңінен таныстыру және ондағы мақсат-міндеттерді талқылау болса, екінші аудандық партия филиалының кезектен тыс ХХХVI конференциясына делегат сайлау туралы қаралды.
«AMANAT» – халықтың үніне құлақ асып, сайлаушылардың талаптарын бұлжытпай іске асыратын партия. Біздің мақсатымыз – Қазақстанның әрбір азаматының құқы, еркі қорғалған, адал еңбегімен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құру. Осы жолда баршаңызды бірлесіп жұмыс атқаруға шақырамын»-деді ұйым төрағасы Талғат Әзімжанұлы.
Жиын соңында күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша арнайы талаптарға сәйкес кезектен тыс ХХХVI конференцияға делегаттар сайланды.
Өз кезегінде сөз алған партия мүшелері сайлауалды тұғырнаманың орындалуына біркісідей атсалысатындарын айтты.

#AMANATaimak
28 қыркүйек 2022 ж. 578 0

Үш облыста жол жабылды

06 қаңтар 2026 ж. 118

Руханият шырақшысы

06 қаңтар 2026 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031