Қызылордада жыл басынан бері 591 алаяқтық қылмыс тіркелген
Полиция – интернет-алаяқтыққа тосқауыл жасау мақсатында, алаяқтықтың жасалу тәсіліне және орын алуына ықпал ететін мән-жайларға үнемі талдау жүргізіп, алдын-алу бағытында үздіксіз күресуде. Сәйкесінше, бүгінде ғаламтор арқылы жасалған алаяқтықтың саны қарқынды өсіп, оның жасалу әдістері мен алаяқтық схемалары күн сайын дамып келеді.
Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша 591 алаяқтық қылмысы тіркеліп, оның 329-ы (44,3%) «интернет-алаяқтық» қылмыстарына жатады.
Ғаламтор арқылы жасалған алаяқтықтың басым көпшілігі онлайн несиелер рәсімдеу, ОЛХ, Колесо.кз, Ватсап, Инстаграм және Крыша.кз қосымшалары арқылы мобильді құрылғыны пайдалану кезінде орын алған.
Алаяқтар көп жағдайда Сізге жалған сөйлеу арқылы, ұялы телефоныңызды қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін бағдарлама орнатуға үгіттейді, сондықтан бөтен адамның сұрауымен өзіңізге беймәлім қосышаларды жүктеу кезінде өте сақ болыңыз.
Алаяқтар белсенді әрекет етіп, арам пиғылдарын жүзеге асыру мақсатында сантүрлі айла-тәсілдер ойластырады, яғни өздерін сатып алушы, сатушы, қызмет көрсетуші, банк немесе полиция қызметкері ретінде таныстырады.
Сондықтан қандайда бір күдік туындаған жағдайда ресми ақпарат көздеріне хабарласып, нақтылаған құптарлық, қоңырау шалғанда немесе смс жазғанда орыс тілінде сөйлесуді қалайды, жалған акциялармен жәрмеңкелер ұйымдастыру арқылы қызықтырады, көңілге қонымды бағалармен тиімді шарттарды ұсынып Сіздің ыңғайыңызға көнгіш келеді, Сізді алдау арқылы, банктік карта, смс, жсн деректеріңізді алуға әрекет жасайды, шынайы логотипі бүркемеленген төлем жасау сілтемелерін жолдап, банктік картаңыздан қаражат жымқырады.
Ұсынылған қарапайым ережелерді ұстану, сізді алаяқтардан сақтап, қаржыңыздың қауіпсіздігіне кепіл болады:
– Картаның нөмірін, қолданылу мерзімін, CVV/CVC-кодты, интернет-банкингтегі жеке кабинет кодын, ЖСН нөмірді жария етпеңіз;
– Ұялы телефоныңызға операцияны растау үшін келген SMS-кодтарды ешқашан-ешкімге айтуға болмайды;
– Біреудің өтінішімен ұялы телефоныңызға бағадарламалар жүктемеңіз;
– Төлем жасау үшін күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз және бейресми сауалнамаларға қатыспаңыз;
– Мүлікті сату, сатып алу кезінде төлемді растамас бұрын, тұлғамен бейнеқоңырау арқылы жүздесіп, шынайылығына көз жеткізіңіз;
– Бейтаныс тұлғалармен мейлінше қазақ тілінде сөйлесу, шетелдік алаяқтардың арам пиғылын жүзеге асыруына тосқауыл болады.