Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балабақша тәрбиешісі 3 құжат қана толтырады – министр

Балабақша тәрбиешісі 3 құжат қана толтырады – министр

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Білім беру ұйымдарының басшыларынан тағы да заңды қатаң сақтауды және артық есепті талап етуге жол бермеу туралы айтты, деп хабарлайды baq.kz.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мұғалімдерді қызметіне тән емес функциялардан босату міндетін қойған болатын. Мемлекет басшысы қол қойған «Педагог мәртебесі туралы» заң осы бағытта қажетті нормаларды бекітіп, ауқымды жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берді.
Осы жұмыстың шеңберінде балабақша тәрбиешілері толтыруға міндетті құжаттардың санын азайтатын бұйрыққа қол қойды.
2020 жылы орта, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіне де осындай тізім бекітілген болатын. Сол бұйрық арқылы мектеп пен колледж мұғалімдерінің есеп тапсыруын қатаң шектедік. Мысалы, мектеп мұғалімі күн сайын екі құжат ғана толтыруы керек: мектеп журналына (электронды) баға қою және сабақ жоспары. Алайда, мектепке дейінгі білім беру деңгейінде мұндай тізім реттелмегендіктен көптеген құжат проблемасы болды. Олардың тізімі балабақша басшылығының көзқарасы мен маңыздылығын түсінуге қатысты болды, - деп жазды министр.
Енді қол қойылған бұйрыққа сәйкес тәрбиеші тек мынадай құжаттарды ғана толтырады:
1) оқу жылына арналған перспективалық жоспар (жылына бір рет толтырылады);
2) тәрбие-оқу процесінің циклограммасы (бір аптаға толтырылады);
3) диагностиканың (бастапқы, аралық, қорытынды өлшеулердің) нәтижелері бойынша оқу жылына арналған баланың жеке даму картасы, ол қажеттілігіне қарай толтырылып, жүргізіледі.
Енді мектепке дейінгі білім беру деңгейі бойынша министрлік айқындаған нақты тізбе бар. Сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» заңда және Әкімшілік кодексте жазылған басқа да құжаттарды талап етуге жауапкершілік қарастырылған және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартатын органдар да бар.
Жауапкершілікке тарту кімнің құзырында?
Педагогтерден шектен тыс есепті немесе қызметтік міндеттеріне жатпайтын ақпаратты талап ету фактілері бойынша өтініш түскен кезде Оқу-ағарту министрлігі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері құқық бұзғаны үшін жоспардан тыс тексеруді ҚСжАЕК органдарында тіркейді және оны білім беру ұйымына барып немесе бармай-ақ жүргізеді.
Құқық бұзу фактісін дәлелдейтін материалдар: - жазбаша тапсырмалар немесе олардың көшірмелері, бұйрықтардың көшірмелері, есеп беру бланкілерінің көшірмелері және педагогтен есеп беруді немесе білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген мәліметтерді талап етуді растайтын басқа да материалдар. Егер құқық бұзушылыққа алғаш рет жол берген адам өз кінәсін мойындаса, комитет және аумақтық орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмай, кінәлі адамға ескерту туралы қаулы шығарады, - деді ол.
Ал адам қайтадан құқық бұзса, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады. Әкімшілік айыппұл 20 АЕК-тен 120 АЕК-ке дейін.
Мектеп пен балабақша педагогтеріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған талаптар сақталуға тиіс. Әріптестерімнен дер кезінде тиісті шара қабылдау үшін осындай фактілер болған жағдайда ол туралы хабарлауын сұраймын. Бұған дейін жауапты тұлғалар заң бұзғаны, артық есепті және басқа да құжаттарды талап еткені үшін жауапқа тартылғанын еске сала кетейін. Білім беру ұйымдарының басшыларынан тағы да заңды қатаң сақтауды және артық есепті талап етуге жол бермеуді сұраймын, - деді Асхат Аймағамбетов.


09 қыркүйек 2022 ж. 249 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031