Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көбейтіп, жүктемесін азайтпақ

Министрлік балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көбейтіп, жүктемесін азайтпақ

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ведомствоның аппарат отырысында еліміздегі балабақшалардағы тәрбие мен оқыту сапасын арттыру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Шолпан Каринова мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында балабақша тәрбиешілеріне жүктемені азайта отырып, олардың жалақысын көтеруді тапсырғанын еске салды.
Мұғалім мен бала арақатынасын 1:12-ге дейін төмендету, балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру, мектепке дейінгі тәрбиешілерді аттестациялау жүйесін өзгерту ұсынылды.
Шолпан Каринова
Ол бүгінде Қазақстанда бір балабақша тәрбиешісіне 25 баладан келетінін атап өтті. Мысалы, АҚШ, Австралия, Финляндияда бір балабақша тәрбиешісіне төрт баладан келсе, Түркия мен Қытайда 10 баладан келеді. Бұл ретте олардың жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан бірнеше есе төмен.
1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға қарай алты жасқа дейінгі барлық баланы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету қажет екенін айтты.
06 қыркүйек 2022 ж. 559 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930