Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімдердің жалақысы 75%-ға өсті

Мұғалімдердің жалақысы 75%-ға өсті

Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы бірінші вице-министр Шолпан Каринова мұғалімдердің жалақысы 75%-ға көтерілгенін айтты.
Ол мектепке дейінгі және орта білім деңгейіндегі басымдықтардың негізгі бағыттарына тоқталып өтті.
Біріншіден, мұғалімдер мен мектеп басшыларының, басқа да білім мекемелерінің сапалық құрамын арттыру. Екіншіден, барлық білім мекемесінің материалдық-техникалық базасын жақсарты. Үшіншіден, мектепке дейінгі деңгейде білім берудің жаңа моделін енгізу. Мектепке дейінгі, мектептегі мекемелерде бастысы сапаны арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту да басты назарда, - деп айтты Каринова.
Сонымен қатар дарынды балаларды қолдау және білім берудің қолжетімділігін, инклюзивтілігін қамтамасыз ету.
Тәрбие жұмысында құндылықтардың жүйесін енгізу мәселелері де назардан тыс қалмайды. Оқу сапасын арттырудағы ең басты мәселе – мұғалімдердің және басшылардың сапалық әлеуетін арттыру. Осы ретті бүгінгі күні мұғалімдердің жалақысы 75%-ға көтерілді. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша алдағы 4 жылда 100%-ға көтеру қойылған болатын. Мұғалімдер 30%-дан 50%-ға дейінгі еңбекақыларына үстемақы алады, - деп түсіндірді вице-министр алқа отырыста.
Одан бөлек, мектеп басшылары, олардың орынбасарларының да еңбекақысы көтерілді.

27 қаңтар 2022 ж. 492 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 113

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 127

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930