Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұрат Ергешбаев: Күріш егетін ірі шаруашылықтардың шаруасы шираған

Мұрат Ергешбаев: Күріш егетін ірі шаруашылықтардың шаруасы шираған

Сырдария ауданы Асқар Тоқмағамбетов ауылында алғашқы орақ салу рәсімі өтті. «А.Тоқмағанбетов Жер» ЖШС диқандары егінге орақ салып, Сыр салысын шашпай-төкпей жинап алудың қамына кірісті.
Егінге орақ салу рәсіміне аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, ауыл ақсақалдары, шаруашылық төрағалары мен шаруашылық еңбеккерлері қатысты.
Орақ салу шарасында аудан басшысы сөз сөйлеп, науқандық жұмысты бастаған асқарлықтарға құттықтау лебізін жеткізді.
«Ауданда Сыр күрішін егетін ірі шаруашылықтар жұмысы жолға қойылып, шаруасы шираған.
Солардың қатарындағы «А.Тоқмағанбетов Жер» ЖШС жыл сайын қамбаны астыққа толтырып, аудан мерейінің үстем болуына үлес қосуда. Биылғы жылы да шаруашылық диқандары мерей тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз. Астықты шашпай-төкпей, ысырапсыз жинап алуға тілекшіміз. Қамба дәнге толсын», – деді аудан әкімі.
Құттықтаудан кейін кұрметті меймандар алғашқы егін орағының лентасын қиып, астықтың мол болуына тілектестік білдірді.
Шаруашылық құрамында 54 адам жұмыспен қамтылып, биылғы жылы 500 гектар күріш дақылы егіліп, 170 гектар ескі жоңышқаны күтімге алды. Шаруашылық тек күріш егіп қана қоймай мал азықтық дақыл – жоңышқа да өндіріп келеді.
06 қыркүйек 2022 ж. 428 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 152

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031