Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2023 жылы курстарға баруы тиіс мұғалімдер толық қамтылады - Асхат Аймағамбетов

2023 жылы курстарға баруы тиіс мұғалімдер толық қамтылады - Асхат Аймағамбетов

2023 жылы курстарға баруы тиіс мұғалімдерді толық қамтимыз. Бұл туралы педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біліктілікті арттыру мәселесіне тоқталсақ, тиісті заң қабылданды. Енді біліктілікті арттыру бес жылда бір рет емес, үш жылда бір өткізіледі. Бұл тұрғыда аттестация да үш жылда бір өткізіледі дегенді білдірмейді, яғни оны бес жылда бір рет ұйымдастырамыз. Дегенмен біз өткізілетін курстардың санын көбейтеміз», - деді А. Аймағамбетов.
Осы орайда ол курстар жаңа форматта ұйымдастырылатынын жеткізді.
«1 тамыздан курстарды пән құзыреті бойынша бастадық. Алдағы жылы педагогтарды түрлі курстармен қамту үш есе артады. Осы орайда курстарға баруы тиіс барлық мұғалімді курстармен қамти аламыз», - деді ведомство басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда оқу үлгерімі төмен оқушылар үшін арнайы жоба іске қосылады.
19 тамыз 2022 ж. 525 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 151

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 168

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031