Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp және Telegram арқылы жұмыс істеген қаржы пирамидасы анықталды

WhatsApp және Telegram арқылы жұмыс істеген қаржы пирамидасы анықталды

Батыс Қазақстан облысында WhatsApp және Telegram арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды sputnik.kz
Қаржы мониторингі агенттігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, "BINCLOUD" деп аталатын қаржы пирамидасы халықтың ақшасын мессенджерлер арқылы жинаған.
"BINCLOUD" бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алып, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық табыс табады. Сонымен қатар кіріс қаражатын шығару кезінде клиенттерден қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады", - дейді агенттік мамандары.
Бұл қаржы пирамидасы да жаңа клиенттерді көптеп тартуды көздеді. Әдетте пирамида құрылтайшысы айтарлықтай ақша жинағаннан кейін барлық төлемді тоқтатып, жоғалып кетеді.
Қаржы мониторингі агенттігі "BINCLOUD" бағдарламасынан зардап шеккен адамдарды аумақтық департаменттерге немесе сенім телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.
08 тамыз 2022 ж. 335 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30