Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрлыбек Нәлібаев: Жаңақорған бақша-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ететін тірек аудан болуы керек

Нұрлыбек Нәлібаев: Жаңақорған бақша-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ететін тірек аудан болуы керек

Аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне талдау жүргізілетін арнайы жиында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бүгін Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тілеумбетовтің есебін тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиынға облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер мен қоғамдық кеңес төрағалары, салалық басқарма басшылары қатысты. Алдымен Мұрат Жолкелдіұлы ауданның негізгі даму көрсеткіштерін тізбектеді. Аймақ басшысы ауданның тынысын 4 негізгі бағыт бойынша саралады. Макроэкономикалық көрсеткіштердің қорытындысына сәйкес, Жаңақорған ауданы І орынға шығып, жоғары даму динамикасын көрсетті. Дегенмен, өнеркәсіп өндірісі мен өңдеуші өнеркәсіпте өсім болғанымен, кейбір өндіріс түрлерінде қалыс қалу деректері бар. Жиында өңір басшысы Жаңақорғанда жаңа өндірістік жобалардың тым аз екенін айтып, сынға алды. Жұмысты шапшаң әрі тиімді етудің жолын қарастыру аудан әкімінің тікелей міндеті екенін тағы бір еске салды. - Бүгінгі таңда ауданда 66 өндірістік цех жұмыс жасайды екен. Әлеуеті жоғары ауданға бұл өте аз. Себебі, халық саны 1,5 есе төмен Қармақшы ауданында 126 цех бар. Ал, халық саны шамалас Қазалы және Шиелі аудандарында 286 және 336 өндірістік цех жұмыс жасауда. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі облыстың 34%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш уран саласындағы 2 кәсіпорын есебінен құралады. Өңдеу саласында шағын кәсіпорындар мүлдем жоқ десек болады,-деді Н.Нәлібаев. Арнайы кеңесте облыс әкімі ауданда соңғы кездері жұмысы тоқтап қалған кәсіпкерлік нысандардың көбейгенін айтып, бұл бағытта жұмысты күшейтуді тапсырды. Мәселен, Жаңақорған ауданы бойынша соңғы 3 жылда тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны небәрі 365 бірлікке өскен. - Ауданда 87 мыңға жуық халық болса, оның кәсіпкерлікке тек 7% тіркелген. Ал, көршілес жатқан Түркістан облысының 80 мың халқы бар Шардара ауданында кәсіпкерлердің үлесі 11%. Шардара облыс орталығынан шалғай орналасқан аудан бола тұра, кәсіпкерлік әлеуеті жоғары Жаңақорған ауданынан артық дамыған,-деді Нұрлыбек Нәлібаев. Мұнан бөлек, облыс әкімі томат пастасын шығару жобасы 5 жылдан бері іске аспай, созбалаңға салынғанын, зауыт құрылысы әр түрлі себептермен басталмағанын қатаң ескертті. Бұл ретте аудан әкімі инвесторлармен жұмысты күшейтуі қажет. Ауданда инвестиция қарқыны тым төмен. Биыл жоспарланған 48 млрд.теңге инвестицияның тек 11,3 млрд.теңгесі орындалған. Өңір басшысы Жаңақорған табиғи ресурстарға бай аудан бола тұра өнімділік бағытында ізденіс жоқ екенін қатаң ескертті. - Қаратау бөктерінде мырыш пен қорғасынды айтпағанда алтын, мыс, магний, әктас, керамзит және тағы басқа минералдық ресурстары бар. Бірақ толығымен зерттелмеген. Әктас аясында бір ғана мысал келтірейін. Қазір білесіздер, қағаз тапшылығы байқалуда. Бірқатар ірі кәсіпорындар сапасы төмен өңделген қағазды пайдалануға көшуде. Көршілес Өзбекстан 2019 жылдан бастап әктастан кеңсе қағазын шығаруды қолға алса, қазіргі таңда Ресей осы бағытта жұмыстар жүргізуде. Елімізге жылына 51 мың тонна кеңсе қағазы импортталады. Неліктен көрші Өзбекстанға барып, тәжірибесін зерттемейсіздер. Қажет болса, тәжірибені енгізейік. Мұрат Жолкелдіұлы, жаңа инвесторларды тарту керек. Осыған байланысты сізден нақты ұсыныстар мен нәтиже күтемін,-деді Н.Нәлібаев. Халықты жұмыспен қамту бағыты да талданды. Ауданда жоспарланған 3 118 жаңа жұмыс орынның бар болғаны 1013-і ашылған. Сонымен қатар, Ұлттық жоба шеңберінде жоспарланған 16 жоба бойынша құрылуы тиіс 168 жұмыс орынның бүгінгі күнге тек 14-і ашылған. Жиында азық-түлік қорын көбейту, бақша дақылдарын егу жұмыстарының нәтижесі талданды. Облыс әкімі Жаңақорған ауданы табиғи орналасу ерекшелігіне байланысты аймақтағы бақша-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуші негізгі аудан болуы тиіс екенін ашып айтты. Ауданда негізгі дақыл күріш көлемі берілген тапсырмаға сәйкес 6600 гектарға күріш дақылы егілуі тиіс болса, тапсырмадан 416 гектарға кем егілген. Күріштен басқа дәндік дақылдар 81 гектарға, көкөніс 104 гектарға жоспардан кем егілген. Бұл ретте аймақ басшысы көкөніс, бақша дақылдары көлемін арттырып, экспорттау мүмкіндігін қарап, қажет болса осы бағыттарды дамыту үшін арнайы жоба дайындау қажет екенін тілге тиек етті. Арнайы кеңесте ауданның кадрлық әлеуеті мен қоғамдық-саяси ахуалы қаралды. Аудандағы басшылық құрамның қызмет өтіліне талдау жүргізілді. Нәтижесінде, үш ауылдық округ әкімі 6-11 жыл арасында, бір бөлім басшысы 7 жыл, 12 мектеп директоры 10-20 жыл аралығында ұзақ мерзім бір лауазымды қызметте келгендігі анықталды. Облыс әкімі заңдылыққа сәйкес ротация тәртібін қолдануды ұсынды. Сондай-ақ, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды бақылауға алып, тұрғындардың мәселесіне атүсті қарамай, сындарлы диалог орнатуға шақырды. Жиын соңында облыс әкімі 9 айдың қорытындысымен бұл көрсеткіштер қайта қаралып, жауапты мамандардың жұмысы сарапқа салынатынын еске салды.
01 тамыз 2022 ж. 431 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930