Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Құрылтай» мобильді қосымшасы күзде іске қосылады

«Құрылтай» мобильді қосымшасы күзде іске қосылады

Ұлттық құрылтайдың жаңа замандағы рөлі, мақсат-мұраты неде? Оның Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінен айырмашылығы қандай? Бұл «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өз кезегінде «Егемен Қазақстан» АҚ Басқармасының төрағасы, «AMANAT» партиясы Саяси бюросының мүшесі Дархан Қыдырәлі құрылтайды ашық қоғамның тағы бір көрінісі деп бағалап, оның өзге кеңесу алаңдарынан айырмашылығын кеңінен тарқатып айтты. «Жаңа Қазақстанның міндеті – ашық азаматтық қоғам құру, әділетті мемлекет орнату, демократиялық үдерістерді жүргізу. Ал құрылтай ашық азаматтық қоғамды дамытуға үлкен үлес қосады. Мұндағы айтылған пікірлердің барлығы елдің мұң-мұқтажын, халықтың тілегін жеткізуі тиіс. Құрылтай – бұл халықтық құрылым. Сондықтан оны ашық қоғамның тағы бір көрінісі деп айтуға болады. Бізде Парламент, Мәжіліс, Сенат, Ассамблея және басқа да мінберлер бар. Бірақ құрылтай халық өкілдерінің арасынан жиналғандықтан, халықтың сөзін айтатын биік мінбер болады деп сенеміз», деді Дархан Қыдырәлі. Алғашқы құрылтайға 117 адам іріктеліп алынғаны белгілі. Дегенмен, бұл тізім ауысып тұрады. Белсенді, халық үшін, елдегі ортақ мәселелерді шешу үшін үлес қосамын деген кез келген қазақстандық азаматтың болашақта осы кеңеске қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, Ұлттық құрылтай Төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай айтты. Оның айтуынша, қазір «Құрылтай» деп аталатын арнайы мобильді қосымша жасалып жатыр. Ол күзде іске қосылады. Мобильді қосымша арқылы кез келген азамат өз ұсынысын құрылтайға жолдай алады. «Құрылтайдың Ұлттық кеңестен артықшылығы мұнда аймақтардағы кеңестердің өкілдері қатысады. Жергілікті жерлердегі мәселелер де тыс қалмауы үшін арнайы телевизиялық жоба қолға алынады. Ол – «Хабар» және «Qazaqstan» телеарналарының ұйымдастыруымен өтетін үлкен бағдарлама. Яғни, Ұлттық құрылтай мәселелерді жылына бір рет болатын жиында талқылап қоймай, үздіксіз жұмыс істейтін үлкен алаң болады», деді Б.Жексенбай. Өз кезегінде «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли телеарнада «Ұлттық құрылтай» деп аталатын арнайы телемарафон және Мемлекет басшысы айтқан еңбек адамына құрметті насихаттау үшін арнайы жобалар дайындалып жатқанын жеткізді.
27 маусым 2022 ж. 230 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031