Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда балаларды үйірмелерге қабылдау тәртібі өзгереді

Қазақстанда балаларды үйірмелерге қабылдау тәртібі өзгереді

Балаларға арналған спорт және шығармашылық үйірмелер саны қысқартылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі уақытта осы бағдарламаны қаржыландыру мәселесі өзекті болып отыр. Өкінішке қарай, жұмысты толық қамтамасыз етуге қаражат жоқ екенін мойындауымыз керек. Расталған ваучерлер үшін қаражат іздестірілетінін мәлімдейміз. Қазіргі уақытта 495 мың бала 15 мыңнан астам үйірме мен секцияға барады. Оған 32 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Сонымен қатар жыл соңына дейін қажет қосымша 97 миллиард теңге қажет. Біз ешқашан жауапкершіліктен қашпаймыз. Бағдарлама жабылады деуге де еш негіз жоқ. Осы уақытқа дейін мақұлданған ваучерлер төленетінін атап өткім келеді. Әр аймақ оған қажетті қаржыны қарастырып жатыр. Мысалы, Алматы қаласының әкімдігі осы мақсатқа 4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді", – деді ОКҚ брифингінде.

Министр қоғам тарапынан айтылып жатқан сын-ескертпелер мен олқылық бар екенін мойындады.
"Біз мәліметтерді тексеру, кезекті автоматтандыру, қаржыны бөлу мен қызмет ұсынушылардың есебін қадағалауға байланысты кемшілік кеткенін мойындауымыз керек. Осы мәселелерді шешу үшін басқа да мүдделі мемлекеттік органдар ережеге бірнеше өзгеріс енгізіп отыр. Бұл процесс екі кезеңнен тұрады", – деп атап көрсетті Абаев.

Оның сөзіне қарағанда, алғашқы кезеңнің жұмыстары мамыр айында атқарылды. Атап айтқанда, оқытушылар мен жаттықтырушылардың санатына қойылатын талап күшейтілді, әкімшіліктердің өтініштерді қарау мерзімі ұзартылды, сапаны бақылауға және қаржының мақсатты игерілуіне электронды және жалпыға қолжетімді форматта мониторинг жүргізу жүйесі енгізілді. Енді екінші кезеңде тағы бірнеше өзгеріс енгізіледі

"Бірінші – спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерінің бағасын қайта қарастырамыз. Бұл қадам бағдарламаның ауқымын кеңейтеді. Екінші – спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне бір ғана өтініш беру қағидасын енгізу. Мысалы, қазір бір бала мектептегі секцияға, "артспорт" бойынша секцияға және шығармашылық үйірмеге баруы мүмкін. Көпшілікті қамту мақсатында біз тек бір секцияны ғана ұсынамыз", - деді министр.

Бұдан бөлек, спорт түрлерінің саны 71 ден 30-ға дейін, шығармашылық үйірмелер 59-дан 30-ға дейін қысқартылады. Бүгінде министрлік қайталанатын спорт түрлерін топтастырып қойды.

Мысалы, қазір барлығына бірдей үстел теннисі, көзі нашар көретін балаларға арналған үстел теннисі, тірек-қимыл жүйесі зақымданған балаларға арналған үстел теннисі және бейімделген теннис түрлері бар. Бұл секциялардың барлығы өз жұмысын жалғастыра береді, тек бір ортақ атауға біріктіріледі. Бірақ кейбір спорт түрлерін алып тастайды.

"Спорт түріне байланысты балалардың жаттығуға жіберілетін ең төменгі жасы бекітіледі. Бұл жерде біз қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сүйенеміз. Оның ішінде, "Спорттық резервті дайындау бойынша оқу-жаттығу процессі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық мекемелерде спорт түрлері бойынша спортшылардың жасын бекіту туралы" бұйрықты негізге аламыз. Мысалы, көркем гимнастикаға 5 жастан, ал боксқа 12 жастан бастап баруға болады. Әрине, мұндағы басты мақсатымыз – балалардың денсаулығын қорғау", – дейді Абаев.

Сондай-ақ ғимараттарға қойылатын талаптар күшейтіледі.
22 маусым 2022 ж. 212 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930