Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың кіріс өсімі баяулаған

Қазақстандықтардың кіріс өсімі баяулаған

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында қазақстандықтардың кіріс өсімі баяулағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы халықтың кірісіне тікелей әсер ететін барлық себеп пен факторларды сараптауды ескере отырып әзірленді. Айталық, еңбек нарығына, сонымен қатар кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейі бойынша нақты ахуалға, халықтың кірісі мен шығысының құрылымына сараптама жүргізілді. Сараптама нәтижесі көрсеткен оң динамикаға қарамастан, халықтың шынайы кірісінің өсім қарқыны 2019 жылғы 6,4%-дан 2021 жылы 5,1%-ға дейін баяулады», делінген Үкімет басшысының жауабында.

Премьер-Министрдің бұны 2020 жылы экономика өсімі қарқынының 2,5%-ға төмендеуімен және инфляциялық қысымның (2020 жылы – 7,5%, 2021 жылы – 8,4%) жоғары болуымен байланыстырады.

«Орташа және медиандық жалақы арасындағы теңсіздіктің өсуі және айырмашылықтың 1,5 есеге артуы (ЭЫДҰ елдеріндегі айырмашылық 1,13 есе) байқалады. Халық кірісін әркелкі бөлу тенденциясы анықталды. Халықтың жұмыс істеп табатын табысының үлесі соңғы 10 жылда 10,6%-дық тармаққа (2010 жылғы 71,3%-дан 2021 жылы 60,7%-ға дейін) төмендеген. Өз кезегінде, әлеуметтік трансферттер үлесі 10%-дық тармаққа (2010 жылғы 15,3%-дан 2021 жылдың 3-тоқсанында 25,3%-ға дейін) өсті», деп түйіндеді Әлихан Смайылов.
17 маусым 2022 ж. 306 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031