ДСҰ реформалау процесін іске қосуға келісті
Бақыт Сұлтанов бүгін таңертең өткен ДСҰ 12-ші министрлік конференциясының жұмысының аяқталғанын, бұл оқиғаның бүкіл әлемдік сауда үшін үлкен тарихи маңызға ие екені туралы ойын facebook парақшасында жариялады.
20 жылға созылған келіссөздер нәтижесінде ДСҰ-ның балық аулауға арналған субсидиялар туралы жаңа келісімі қабылданды. Мен бұған дейін бұл шешім мұхиттарда балық қорының сарқылуын болдырмауға бағытталғанын айтқанмын,- дейді Бақыт Сұлтанов.
МК-12 тарихқа енетіні сөзсіз, себебі елдер консенсус тауып, ДСҰ реформалау процесін іске қосуға келісті. ДСҰ-ның COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл шаралары және болашақ пандемияға дайындығы туралы Министрлік декларациясы қабылданды.
Қабылданған шешімдердің дені қазіргі жағдайда өте өзекті болып табылатын аштықпен күреске қатысты. Азық-түлік қауіпсіздігіне жедел әрекет ету шаралары туралы Министрлік декларациясы, азық-түлік тауарларын сатып алуды Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасымен экспорттық тыйым салулар мен шектеулерден босату туралы министрлік шешім және электрондық сауда бойынша жұмыс бағдарламасы қабылданды, - деді ол.
Тағы бір тарихи келісім - ДСҰ-ның зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері туралы келісімі бойынша Министрлік шешімі.
Қазақстан үшін қабылданған құжаттар ерекше мақтаныш дегім келеді. МК-12 төрағасы және тең ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы болып табылады. Біз 2018 жылдан бастап (конференция төрағасы болып сайланған кезде) барлық мемлекеттерді қанағаттандыратын шешім табу үшін ДСҰ-ның 164 елі арасында медиатор, келіссөз жүргізуші ретінде әрекет еттік. Ұйым тарихында тұңғыш рет төрағалық біздің өңірден – Еуразиядан, тіпті ДСҰ-ға жаңадан келген елге жүктелуі ерекше жауапкершілікті жүктейді, деді Бақыт Сұлтанов.
Оның айтуынша, әлемдік сауда үшін аса маңызды мәселелердің теңдессіз саны бойынша консенсусқа қол жеткізілгені өте жақсы жұмыс істегенін көрсетеді.
Сауда үшін аса маңызды мәселелердің теңдессіз саны бойынша консенсусқа қол жеткізілгені біздің өкілдеріміздің ДСҰ аппаратымен және басқа елдердің елшілерімен тығыз ынтымақтастықта өте жақсы жұмыс істегенін білдіреді.Қазақстандық келіссөз жүргізушілердің барлығына және Жанар Айтжановаға алғысымды білдіремін. Сонымен қатар осындай айтулы жеңіспен құттықтаймын! Конференция төрағасы Тимур Сүлейменовтің рөлін ерекше атап өткім келеді, ол қысқа мерзімде проблемалық мәселелерге еніп, біздің барлық үмітімізді ақтады, -дейді Бақыт Сұлтанов.
Сөз соңында ол бүкіл әлем сауда архитектурасын жаңа сын-тегеуріндерге орай жаңартып, Отанымыздың табысты төрағалығын есте сақтайтын айтты.
#конференция #ДСҰ