Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады

Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады

Бүгін Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын тұрақтындыра алмаған әкім орынбасарларын жауапкершілікке тарту керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz 

 «Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру бойынша өңірлердің жауапкершілігін атап өткен жөн. Олардың жұмысын талдау қорытындылары бойынша министрлік 1-тоқсанда атқарылған жұмыс туралы ақпарат енгізеді және шаралардың нақты нәтижелері болмаған жағдайда біз әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарларын жауапкершілікке тарту туралы мәселеге бастамашы боламыз», деді агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндаған Бақыт Сұлтанов.
Оның айтуынша, азық-түлік бағасын тұрақтандыруда нарықтың форвардтық сатып алу және «айналым схемасы» сынды құралдары тиімділігін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңға жергілікті бюджеттерден аталған құралдарға 21,9 млрд теңге бөлінді.
«Тетік тиімді, дегенмен нарыққа айтарлықтай әсер ету үшін қаржыландыруды кеңейту қажет. Отандық өндірушілермен келісімшарттарды «қолмен басқару» режимінде жүргізе отырып, желілерге арзандатылған кредиттерді 50 млрд теңгеге дейін ұлғайту керек», деді ол.


02 наурыз 2021 ж. 2 523 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 150

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031