Бейнеттің көрсе зейнетін
Қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген мәселе көп-ақ. Соның бірі – халықты толғандырып жүрген зейнеткерлік жасы. Елде зейнет жасын төмендету туралы ұсыныстар ара-тұра айтылып келеді. Жуырда бұл мәселеге байланысты жағымды жаңалықтар жарияланған еді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда ерлер зейнетке – 63 жаста шықса, әйелдер 60,5 жаста шығады. 5 және одан көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер – 53 жас. Ал Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында 1949 жылдың 29 тамызы мен 1963 жылдың 5 шілдесі аралығында кемінде бес жыл тұрған ерлер – 50 жаста, әйелдер – 45 жаста шыға алады. Ендеше қарапайым тұрғындардың зейнеткерлік жас жайы қалай болмақ?
Қазақта «Жасыңда бейнет көрсең, қартайғанда зейнеті бұйырар» деген асыл сөз бар. Бір сөзбен айтқанда, ерінбей еңбек ете білген жанға оның рахаты да бұйырады. Алайда қазір шарасыздықтан шамасы жеткенше зейнетке дейін жұмыс жасап жүрген аға-апаларымыз қаншама. Бүгінде алғы мәселенің бірі болып келген – әйелдердің зейнет жасын азайту қолға алынбақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаудың алғашқы нәтижелері туралы мәлімдеме жасады. Бұған дейін Тамар Дүйсенова бір топ белсенді әйелдермен кездесіп, зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған. Министрдің айтуынша, кездесуде белсенділер де, министрлік те өз ұсынысын жасаған.
– 2022 жылдың соңына дейін әлеуметтік кодекс қабылданады. Осы құжаттың аясында зейнетке шығу үшін қосымша жеңілдіктер қарастырылмақ. Оларға біздің ұсыныстарымыз ұнады. Қазір жұмыс тобы аясында жұмысты жалғастырып, есеп-қисапты жасап жатырмыз. Кез келген әлеуметтік қолдауға ақша керек қой. Оны бәріміз жақсы білеміз.
Қазір таймаут алып, бәрін есептеп шығуға келістік. Сол кезде нақты қай ұсыныстың тиімді болатынын білеміз. Сосын нақты бір шешімге келгеннен кейін сол әйелдермен бірге шығып, барлық ақпаратты береміз, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова.
Айта кетейік, Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Әйелдер зейнетке шығу жасын 55-ке немесе 58-ге дейін төмендетуді сұрауда. Осы орайда жағымды жаңалықтан құлағдар болған аудан тұрғынының пікірін сұраған едік.
– Отбасында отағасы екеуіміз 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, олардан 8 немере сүйіп отырмын. Жасым 56-да. Немерелеріме әжелік тәлім-тәрбиемді беріп, ұл-қызымның рахатын көріп отырмын. Жақында сенатор Дана Нұржігіт әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа төмендетуді ұсынып, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады. Бұл өте орынды көтерілген мәселе. Біріншіден, жасы таяған адам еңбегінің зейнетін бұрынғыдан ертерек көрсе, екіншіден жұмыс іздеген жас буынға нәпақа табу жолдары ашылар еді, – дейді «Шипагер» қалалық емханасының мейіркеші Гүлмира Шамшаева.
Елдің экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан зерттеп, қайта қараған дұрыс. Біздің экономика өсіп, қадамымыз қарыштап келе жатыр. Олай болса, зейнеткерлік жасы 55 пен 60 жасқа келіп тоқтаса, жүздеген мың халыққа тағы жұмыс болар еді.

Серік АҚМЫРЗА