Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдегі 434 кәсіпорынның 8,8 мың жұмыскерге берешегі бары анықталды

Елдегі 434 кәсіпорынның 8,8 мың жұмыскерге берешегі бары анықталды

Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республиканың 434 кәсіпорнында 8,8 мың жұмыскерге жалақы бойынша берешегі бары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. «Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 434 кәсіпорнында 8,8 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 996 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады», - делінген ведомство хабарламасында. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 298 нұсқама беріліп, 52,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған. «Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 1 млрд 754,5 млн теңге төленді», - деп толықтырады министрлік.

10 маусым 2022 ж. 485 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 63

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031