Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Германия елінен келген дәрігерге құрмет көрсетілді

Германия елінен келген дәрігерге құрмет көрсетілді

Бүгін «Q'med» клиникасында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазилов Германия елінен арнайы келіп, Сыр елінің реабилитолог дәрігерлеріне бір айға жуық уақыт тәжірибесімен бөліскен дәрігер Эвелин Эбингерге «Алғыс хат» беріп, естелікке қобыз сыйлады.
Сонымен қатар, жиынға «Q'med» клиникасының директоры Раушан Ахметуллақызы қатысып, шет елдік білікті дәрігерге өз алғысын білдіріп, ұлттық нақыштағы қамзол кигізді.
Оқытушы дәрігердің ересектерге арналған физиотерапияның барлық негізгі салаларындағы терең білімі мен отадан кейінгі күтім, сондай-ақ консервативті ортопедия және травматология саласындағы білімімен дағдылары мамандарымызға азық болары анық.
Сонау Германия елінен келіп, семинар өткізген дәрігер Эвелиннің еңбегіне жеміс, абырой тілейміз!
02 маусым 2022 ж. 329 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031