Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отпен арпалысқан оғлан

Отпен арпалысқан оғлан

Әдетте фантастикалық қиял-ғажайып жанрындағы фильмдерде қоғам өміріне белсене араласып, елді, жерді құтқарып жүрген батырларды теледидардан көріп жатамыз. Олар өз кезегінде балалардың үлгі тұтардай тұлғасына айналған. Алайда мұндай батырлар тек фильмдерде ғана емес шынайы өмірде де барын ұмытпаңыз. Оған дәлел жуырда Нұр-Сұлтан қаласында орын алған. Көп қабатты үйлердің бірінде өмірі қыл үстінде тұрған сәбиді құтқарған қызылордалық батыр Сәбиттің ісі.
Мұндай жандар қасиетті Қазалы топырағында да бар. Бүгінгі әңгіме өзінің ісіне асқан жауапкершілікпен қарап, бірнеше адам жанын арашалап қалған Думан Бурабайұлы жайында өрбімек.
Жуырда «Instagram» желісінде аудан айнасына айналған «kazaly_365» парақшасында өрт сөндірушінің өрт шалған үйден газ толған балонды өз өмірін бәсекеге тігіп, алып шыққан сәтіндегі суреті жарияланған болатын. Оның ісі қаптаған оқырман арасында қызу талқыға түсті. Сол суреттегі батыр Қазалы ауданы №9 өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау сержанты Думан Жәли еді.
Ол 1983 жылы Қазалы ауданы, Сарыкөл ауылдық округі, Абай ауылында өмірге келген. Бала күнінен өрт сөндірушілердің батылдығын мен ерлігіне сүйсіне қараған ол «ер жеткен соң осы мамандық иесі қатарынан боламын» деп армандаған. Кейін білім ошағын тәмамдап, 2003 жылы Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Сонан соң 2005 жылы азаматтық міндетіп атқарып, бәз баяғы бала күнгі арманын орындауды мақсат етті. 2006 жылы Қазалы ауданы №9 өрт сөндіру бөлімінде өз орнын тапты. Қазіргі таңда отбасында асқар тауы Бурабай, анасы Айпатша және өмірлік жары Мира Жұмабаева мен 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр. «Әке көрген оқ жонар» демекші үлкен ұлының да арманы әкесі Думандай болу.
Баршамыз білетіндей, өрт сөндіруші мамандығы әлемдегі ең қауіпті қызметтің бірі. Нағыз азаматқа тән мамандық ержүректілік пен батылдықты талап етеді. Ұдайы өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі бұл іс мүлт кетуді кешірмейді. Осындай қауіпте басын бәйгеге тігіп, әрбір жанның амандығы мен ел үшін еңбек етіп жүрген азаматтардың ісіне қарап сүйсінбеске амал жоқ. Осы орайда Думан өзінің ең алғашқы жалынды ауыздықтандырудағы сәтін былай бейнеледі:
– 2007 жылдың желтоқсан айында барша қазалылықтар білетін «Орын-ай» базары белгілі себептермен өртке оранған болатын. Сол сәтте дабыл қағылып, бригада жұдырықша жұмылып, нұсқаулар түсіндіріліп, белгілі жерге аттандық. Межелеген жерге жеткен соң жалындап тұрған нысанды көргенде біртүрлі күйге түстім. Сонан соң сезімге берілуге жол бермей, дереу өрт сөндірушінің 5 қағидасы бойынша жұмысқа кірісе кеттім. Онда бірінші қағида адам жанын арашалап қалу болғандықтан нысандағы саудагерлерді құтқаруға ұмтылдық. Кейін құнды заттарын аман алып, өртті дер кезінде ауыздықтадық. Артынша базар ұжымы және сол жерде куә болғандардың алғысына бөленіп, бір жігерленіп алдым. Осылайша алғашқы құтқару жұмысын сәтті аяқтадық. Әрбір өрт сөндірушінің оқыс оқиғадан аман-есен шығуы әрине ережелерді ұстанудың арқасы. Бірақ үйде тілеуімізді және амандығымызды Алладан сұрап отырған анамыздың да септігі мол екеніне кәміл сенімдімін, – деді ол.
Биыл Думанның құтқарушылар қатарында жүргеніне 16 жыл толды. Осы уақытқа дейін ерлік көрсетіп, соған сай түрлі наградалармен марапатталған. Солардың бірі – 2013 жылы орын алған оқыс оқиға барысында 11 адамды ажалдан арашалағаны үшін, сол күні ержүректік танытқан барша бригадамен бірген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің III дәрежелі төсбелгісін таққан. Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін 10 жылдық медальімен марапатталды.
Басқа да бөлім басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Ғабит Ниеталиев, қарауыл басшысы Жұбаныш Мырқиясов, бөлімше командирі Нұрлан Айниязов, өрт сөндіруші Ғалым Нажман, жүргізуші Жеңіс Оразалиев пен Дәулетияр Теңізбай және Алтынбек Қанжарбек, өрт сөндіруші Нұрғали Аманжол сынды ұжымдастарының ауыз толтырып айтарлықтай жасаған ерліктерінің аз еместігін де тілге тиек етті.
Қызметтегі әріптестері де оны мақтан тұтады. Олардың айтуынша:
– Думан үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық көрсете білген жан. Жұмыс тәртібі де үлгерімді, берілген тапсырманы бұлжытпай орындайды. Қызметтегі жас буынға білгенін үйретіп, оңы мен солын көрсетіп жүреді. Бір сөзбен айтқанда нағыз батыр, – дейді ұжымдастары.
Қорыта айтсақ, бүгінде қауіп-қатерге тосқауыл болып, жанын шүберекке түйген оғландардың еңбегі ел назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Тілсіз жаумен арпалысушылардың «Бізге халықтың алғысы да жетеді» деген сөзді ұран еткеніне қарамастан басқа да наградаларға ұсынса екен дейміз.

Серік АҚМЫРЗА

21 мамыр 2022 ж. 960 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930