Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз

Қасым-Жомарт Тоқаев: Боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.
«Қымбатты отандастар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Бұл – фашизмді жеңген ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн.
Сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырады. Майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз.
Өкінішке қарай, қан майданның қияметін басынан өткерген ардақты аға буынның қатары жыл өткен сайын сирей түсуде. Қазақстанда Жеңістің 77 жылдығын небәрі 376 ардагер, 68 347 тыл еңбеккері ғана қарсы алып отыр. Еліміздің барша азаматтары өздеріңізге бас иеді.
Мемлекет соғыс ардагерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Олар қоғамымыздың да құрметін көріп, қамқорлығына бөленуге тиіс.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Жеңіс күні құтты болсын!», – делінген Президенттің құттықтауында.
09 мамыр 2022 ж. 537 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 142

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 198

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 166

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930