Қазақстан дәрі-дәрмекті елден шығаруға тыйым салмақ

Бұйрықтың жобасы бойынша, Қазақстан аумағынан кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтауыштарды әкетуге 6 ай көлемінде тыйым салу ұсынылған. Дегенмен, дәрі-дәрмектің бірнеше санатына бұл құжаттың талабы жүрмейтіні айтылған. Олар: - Қазақстанның аумағы арқылы өтетін транзиттік тауарлар; - жеке тапсырыстар бойынша тек жеке пайдалануға арналған медициналық бұйымдар; - халықаралық ізгілік көмек көрсетуге арналған тауарлар; - бөлшек саудада өткізу шеңберінде жеке пайдалану үшін әкелінген және сатып алынған тауарлар; - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде алынған дәрілер; - өткізу құқығынсыз көрмелер өткізуге арналған үлгілер; - зерттеулер мен сынақтар жүргізуге арналған үлгілер; - денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалып, қолданылған радиофармацевтикалық препараттар; - мемлекеттік тіркеу кезінде сараптама жүргізуге арналған үлгілер; - пациенттің немесе оның донордың аутологиялық биоматериалдарын пайдалана отырып қабылданатын, жеке қолдануға арналған алдыңғы қатарлы терапия дәрілері; - ЕАЭО кедендік аумағына келген көлік құралдарының жолаушылары мен экипаж мүшелерін емдеуге арналған дәрі-дәрмектер; - халықаралық мәдени, спорттық іс-шараларға қатысушыларды және халықаралық экспедицияларға қатысушыларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер; - Қазақстан тауар өндірушілері өндірген, оларға қатысты тыйым салынған «СТ-1» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатпен сүйемелденетін дәрі-дәрмектер. Құжат көпшіліктің талқылауына 6 сәуірге дейін ұсынылмақ. Жобаның мәтінімен мына жерден танысуға болады.