Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтүтек боран, көктайғақ: Еліміздің 5 өңірінде жолдар жабық тұр

Ақтүтек боран, көктайғақ: Еліміздің 5 өңірінде жолдар жабық тұр

Ауа райының бұзылуына байланысты (боран, жолдарда көріністің нашарлауы) республикалық маңызы бар бірқатар жолда қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола облысы «Жезқазған-Петропавл» а/ж 377-440 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Державинск қаласының аралығы. Павлодар облысы «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» а/ж 200-254 шақырымы, Шідерті қаласы мен Ақмола облысының шекарасы аралығы. Шығыс Қазақстан облысы «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» а/ж 707-941 шақырымы, Аягөз қаласы мен Бұғаз ауылы аралығы Қарағанды облысы «Жезқазған-Петропавл» а/ж 142-252 шақырымы, Сарлық ауылы мен Қостанай облысы шекарасының аралығы. Қостанай облысы «Жезқазған-Петропавл» а/ж, 252-340 шақырымы, Қарағанды облысы шекарасы мен Арқалық қаласының аралығы. «Жезқазған-Петропавл» а/ж 340-377 шақырымы, Арқалық қаласы мен Ақмола облысының аралығы. Қазіргі таңда қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында тәулігіне 24 сағат жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда Қазақавтожол серіктестігінің 1090 арнайы қысқы техникасы мен 3500-ден астам қызметкерлері жұмылдырылған. Боран қаһарына мініп тұрған соңғы 5 күннің ішінде жолшылардың күшімен 100-ден астам көлік құралына көмек көрсетіліп, оның 37-сі жылы бокстарға жеткізілсе, 500-ден астам жолаушы серіктестіктің жылыту пунктеріне орналастырылды.
24 наурыз 2022 ж. 686 0

МӘҢГІЛІК МҰРА

24 мамыр 2025 ж. 51

РУХАНИ АЗЫҚ ОРДАСЫ

24 мамыр 2025 ж. 51

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031