Көктемгі сән: Шашқа арналған әшекейлер

Резеңкелер

Жібек матадан тігілген шашқа арналған көлемді резеңкелер сәнде болады. Мұндай резеңке қолдансаңыз, шаш үлгісінің қарапайымдылығын сақтаған жөн. Себебі көлемді резеңкенің өзі киім үлгісіндегі көзге түсетін ерекше элементке айналады. Мысалы, шашты жай төменге буып алуға болады.
Қысқыштар

Қысқыштар — 2000-жылдардан оралған аксессуар. Әдетте, оны шашты артқа жинау немесе бетті ашу үшін қолданады. Алайда, онымен шаш үлгісін ерекшелеуге және безендіруге болады. Қазір ірі қысқыштар сәнге айналды. Оның ерекше түсін таңдауыңызға болады.
Ободок

Түйреуіштер

Бұрын түйреуіштердің тек металл түрлері болды және олар шашта аса көрінбейтін. Ал қазір олардың көлемді және беті безендірілген түрлерін көптеп кездестіруге болады. Олардың бірнешеуін қатарынан тағу сәнді көрінеді.
Орамал

Көптеген сәнқой қыздар қарапайым шаш үлгісін орамалдың көмегімен ерекшелейді. Жаңа маусымда да дизайнерлер әдемі жібек орамал алуға кеңес береді. Себебі оны мойынға тағуға да, шашты безендіруге де болады. Орамалды резеңкенің үстінен байлаңыз немесе онымен бірге шаш өріңіз.