Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлігі бекем ел мықты

Бірлігі бекем ел мықты

Ел бірлігіне қауіп төніп, халық тағдыры таразыға түсіп, сын сағаты соққан сәтте елеңдемеген жұрт қалмады. Сілтідей тынып, енді не болар екен деп алаңдаған жұрттың пікірін бір арнаға тоғыстырып, батыл қадамдар жасау кім-кімге де оңай тимесі анық. Бейбіт мақсаттағы шеруді бей берекетсіздікке ұластырып, ұлт тұтастығына нұқсан келтіргендерді қоғам құптамайды. Кім жақынының жараланғанын, кім ағайынынан айырылғанын қалайды. Олардың арасында бауыр еті баламыз байқаусызда жазым болса, оның өкініші кетер ме? Ана үшін бұдан ауыр, бұдан өткен қасірет бар ма? Осындай сындарлы сәтте халық екенімізді көрсетіп, ел мүддесі үшін жасалып жатқан әр іске үмітпен қарап, Президент Қ.К.Тоқаевқа қолдау білдіргеніміз ләзім. Мәселенің байыбына барып, әр істі пайым-парасатымен шешеді деген үміттеміз. Сөзге құлақ асу, ашуға, қызбалыққа берілмеу, тәртіпке бағыну, үлкендерді тыңдау, тоқтамға келу сынды қасиеттерді бүгінгі таңда ұрпаққа ұғындыру – біздік міндет.
Осындай алмағайып кезеңде ел үшін қабылдаған әр шешім маңызды, әр шешім құнды. Ел бірлігі талқыға түскен сәтте бір жағадан жең, бір жеңнен қол шығарғанымыз дұрыс.
Эльмира СМАТУЛЛАЕВА,
Ғани Мұратбаев атындағы N17 орта мектеп директоры
18 қаңтар 2022 ж. 636 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031