Қазақстанда ҮЕҰ-ға арналған білім беру қосымшасы әзірленді
Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері үшін құқықтық және басқарушылық білімдердің жүйелендірілген курсы мобильді қосымша форматында да қолжетімді бола бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мобильді қосымша қоғамдық ұйымдардың жұмысына қажетті негізгі бағыттарды зерттегісі келетіндер үшін арналған. Ол жалпы білім беру бағдарламасының 8 модулін қамтиды. Олардың ішінде: маркетинг және PR, фандрайзинг, жобаларды басқару, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік дизайн, экономикалық және қаржылық сауаттылық, құқықтық және салықтық сауаттылық, есеп жазу модульдері бар.
Оған қоса, қосымшада стратегиялық ойлау, тиімді басқару дағдылары, әлеуметтік маркетинг, қаржылық сауаттылық, бизнес-модель/бизнес-жоспар құру сияқты әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің модульдері де қарастырылған. Әр модульден кейін пайдаланушылар білімдерін бекітуге арналған сынақтан өтеді.
«ҮЕҰ Академиясы» мобильдік қосымшасы - оқыту бағдарламасының логикалық жалғасы. Бұны «үстел кітабы» деп атауға да болады. Онда алынған білімді жаңартып, тақырыпты қайталауға болады, бұрын білмеген жаңа ақпараттармен танысу мүмкіндігі де бар. Қосымша керек адамдарға таптырмас көмекші болатынына сенімдімін», деп түсіндірді «ҮЕҰ Академиясы» жобасының жетекшісі Ирина Виговская.
Мобильді қосымшаны https://play.google.com/store/apps/details… сілтемесі бойынша тегін жүктеп алуға болады.