Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Альфа-Банк, Jusan Bank және Kaspi Bank мобильді қосымшалары үздік үштікте

Альфа-Банк, Jusan Bank және Kaspi Bank мобильді қосымшалары үздік үштікте

ТМД және Кавказ елдеріндегі бизнес-клиенттерге арналған мобильді банктердің үздік жиырмалығына қазақстандық екінші деңгейлі 5 банктің қосымшалары кірді.

2020-2021 жылдары көптеген қазақстандық банктер максималды түрде бизнес-қызметтерді онлайн режиміне ауыстырды. Ranking.kz сарапшылары Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің бизнеске арналған мобильді қосымшаларының рейтингтерін Play Market пен App Store арқылы талдады.
17 мамырдағы жағдай бойынша ең жоғарғы көрсеткіш – Альфа-Банктің "Альфа-Бизнес Қазақстан" қосымшасында: Play Market-те 5-тен 4,8 жұлдыз және App Store-да 4,7 жұлдыз иемденді. Мобильді қосымшада банк бөлімшелеріне барған кезде шағын және орта бизнеске және жалпы заңды тұлғаларға ұсынылатын барлық операциялардың 99 пайызы қол жетімді. Қолжетімді функциялардың қатарына – шоттарды басқару және үзінді көшірмелер мен анықтамалар алу, бизнес-мақсаттар үшін онлайн несие беру, төлемдер мен аударымдардың барлық түрлерін, соның ішінде салықтарды, мердігерлер мен басқа да контрагенттерге төлемдерді қоса алғанда, теңгелік және валюталық операциялар және тағы басқа жатады. Сондай-ақ, банкте NFC төлемдерін контактісіз қабылдауға арналған Alfa Pay жеке қосымшасы бар.
Екінші орында Jusan Bank-тің Jýsan Business қосымшасы: Play Market-те 4,7 және App Store-да 4,6 жұлдызға ие. Қаржы институтында байланыссыз төлемдер үшін – JPAY жеке қосымшасы да бар.
Play Market рейтингтері бойынша Kaspi Bank кәсіпкерлеріне арналған Kaspi Pay мобильді төлем жүйесі 4,4 жұлдыз рейтингімен үздік үштікті жабады (App Store-да 4,1 жұлдыз).
Сонымен бірге, App Store бағалауы бойынша Сбербанк қосымшаларының бірі – "Сбербизнес" үшінші орынға ие: 4,3 жұлдыз жинаған.
SME Banking Club сарапшыларының зерттеуіне сәйкес ТМД және Кавказ елдеріндегі бизнес-клиенттерге арналған мобильді банктердің ТОП 20-на бірден қазақстандық екінші деңгейдегі 5 банктің қосымшалары кірді. Рейтингке өңірдің 130-дан астам мобильді қосымшасы қатысты. Әрбір қосымша 130 параметр бойынша бағаланды. AppStore және Play Market дүкендеріндегі рейтингтері, жүктеулер саны, пікірлер саны, нұсқалары және тағы басқа ескерілді.
Үздік жиырмалыққа Альфа-Банктен "Альфа-Бизнес Қазақстан", ЦентрКредит Банкінен "BCC Business", Сбербанктен "Сбербанк Бизнес Онлайн" және Halyk Bank-тен "Onlinebank бизнес үшін" енді.
Сонымен қатар, бизнеске арналған үздік мобильді банктердің бестігіне АТФ банктен "ATFBusiness" қосымшасы кірді. Алайда қаржы институты Jusan Bank-пен бірігу процесінде нарықтан кетіп жатыр.
19 мамыр 2021 ж. 616 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930