Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық колледждерде 50 мамандық жабылды

Қазақстандық колледждерде 50 мамандық жабылды

Білім және ғылым министрлігі сұраныста емес 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатты, - деп хабарлайды tengrinews.kz
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомство техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа классификаторын әзірлеп, бекітті. Бұл өзгерістер колледждерде оқытылатын мамандықтар еңбек нарығының қазіргі сұраныстарына сәйкес келуі үшін жасалған. 
Оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатқаны аталып өтілді. Мәселен, колледждерде сынама іріктеуші, шам жасаушы, гувернер, заңгер-консульт және тағы басқа мамандықтар бойынша қабылдау тоқтатылды. Сондай-ақ, классификатордан  "Білім беру ұйымының зертханашысы", "Патенттану" және басқа да мамандықтар алынып тасталды.
ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанованың айтуынша, басты мақсат - білім беру бағдарламалары мен оқытылатын мамандықтарды жұмыс берушілердің заманауи сұраныстарына сәйкестендіру.
"Талдау жұмыстарын жүргізіп, еңбек нарығына мониторинг жүргіздік. Жұмыс берушілермен және салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездестік. Олардың ұсыныстарын ескере отырып, мамандықтар классификаторын жаңарттық. Енді қазақстандық колледждерде "Робототехника және ендірілген жүйелер", "Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы", "Өндірістің аддитивті технологиялары", "Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе", "Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері", "Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру" және басқа да жаңа мамандықтар оқытылады", – деді ол.
25 қараша 2021 ж. 493 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 86

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930