Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар ыдыс-аяқты дұрыс жумау қатерлі ісік тудыруы мүмкін екенін анықтады

Ғалымдар ыдыс-аяқты дұрыс жумау қатерлі ісік тудыруы мүмкін екенін анықтады

Қатерлі ісік ауруының даму қаупін азайту үшін мамандар күнделікті өмірде ыдыс жуу сияқты елеусіз болып көрінетін қарапайым осындай мысалдарға мұқият болуға кеңес береді.
Қытайлық сарапшылар ыдыс-аяқты дұрыс жумаудағы үш қателік қатерлі ісік тудыруы мүмкін деген қорытындыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inosmi басылымына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал ететін ыдыс жууда үш қателік бар. Соның біріншісі - сапасыз жуғыш заттарды қолдану.
"Кейбір өндірушілер қауіпсіздік талаптарын сақтамай, ақшаны үнемдеуге тырысады. Осыған байланысты олар жуғыш зат ұзақ сақталуы үшін формальдегидті консервант ретінде қолдануға барады. Формальдегид адам ағзасына, әсіресе теріге соның ішінде шырышты қабаттарға зиян. Формальдегидті ұзақ уақыт қолдану созылмалы респираторлық аурулардың көбеюіне әкелуі мүмкін", - дейді мамандар.
Екінші қателік - дымқыл ыдыс-аяқтарды кептірмей шкафқа салу. Мамандардың айтуынша, зиянды бактериялар ылғалды ыдыстарда өмір сүреді және ол көп мөлшерде токсиндер шығарады. Ылғалды ыдыс-аяқ бактериялар үшін жақсы көбею алаңы болып табылады. Сондықтан, ыдыс-аяқты шкафқа қоймас бұрын, оларды толығымен кептіру керек. Бұл әсіресе ағаш ыдыстар мен кесу тақталарына қатысты.
Сарапшылар үшінші қателікті ыдыс-аяқты бірден жумай, раковинаға қалдыру немесе ұзақ уақыт суға салу әдетімен байланыстырды. Ылғалды орта тұрмыстық ыдыстарды жуу кезінде жойылмайтын бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.
Қатерлі ісік ауруының даму қаупін азайту үшін мамандар күнделікті өмірде ыдыс жуу сияқты елеусіз болып көрінетін қарапайым осындай мысалдарға мұқият болуға кеңес береді.
                     sn.kz
15 қараша 2021 ж. 422 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 85

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 81

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 81

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 75

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930