Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

Жеткізілген дозалар ҚР халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ДДҰ мақұлдаған Covid-19 вирусына қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді. Бұл жайында Қазақстанда коронаиврустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия мәлімет таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 
Бұрын қол қойылған келісім шеңберінде Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн дозасы сатып алынды.
Comirnaty – америкалық Pfizer компаниясы мен Германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады.
Жеткізілген дозалар ҚР халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина.
Бірыңғай дистрибьютор келіп түскен вакцинаны ҚР ДСМ СЭБК-нің разнарядкасына сәйкес, жедел тәртіппен еліміздің өңірлеріне жеткізеді.
Алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болады.
Вакцинаны сақтау нұсқаулығын нақты ұстану және жағымсыз салдардың балдырмау үшін вакцинаны жеткізуге және қолдануға дайындық шаралары жүргізілді.
Өндіруші ұсынған суық тізбекке қойылатын талаптарға сәйкес ультра төмен температура -60 -90 Со режимінде сақтауға арналған мұздатқыш жабдықтар сатып алынды.
Сондай-ақ, вакцинаны енгізу үшін қажетті шприцтер қоры сатып алынды.
Вакцинацияның тиісті қызметкерлері вакцинамен дұрыс жұмыс істеуге және оны қолдануға үйретілді.
Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасы ДДҰ-ға шұғыл қолдануға рұқсат етілген, вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО-да қолданылады.
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оның тиімділігі 95 пайызды құрайды. Бұл - АҚШ-та жедел қолдануға рұқсат етілген (төтенше пайдалану авторизациясы, EUA) аясында қолданыла бастаған алғашқы вакцина.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аумағында халықты вакцинация үшін мынадай вакциналар қолданылды: «QazVac», «Спутник V», «Hayat-Vax», «Соронавак», «Sinopharm».
11 қараша 2021 ж. 339 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031