Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді дәрігердің қателігі дәлелденсе, науқас өтемақы ала алады

Енді дәрігердің қателігі дәлелденсе, науқас өтемақы ала алады

Елімізде  медициналық қызметкердің жауапкершілігін сақтандыру алгоритмі әзірлену үстінде, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ерлан Бекхожинге берген сұхбатында айтты. Министр  науқастың мүддесін қорғап, ақ халаттылардың құқығын сақтауға мүмкіндік беретін жаңа реформаны тілге тиек етті. Бұл өз кезегінде дауды сотқа дейін жеткізбей, медиация тəртібімен реттеуге мүмкіндік береді.
"Өкінішке қарай дәрігерлер де қателеседі. Мәселен, АҚШ-та дәрігердің қалт кетуі 25 процентке дейін тіркеледі. Егер біз әрбір маманды жазалап, соттайтын болсақ, онда елде медициналық қызметкер қалмайды. Егер жұмысына немқұрайлы қарап немесе науқасқа әдейі зиян келтірсе, онда қатаң жауапқа тарту керек. Абайсызда болса, сақтандыру арқылы өтеуге мүмкіндік беріледі. Алайда дәрігер міндетті түрде қайта дайындықтан өтіп, біліктілігін арттыруы тиіс, содан кейін ғана ол жұмысқа кірісе алады. Мұндай әдіс дамыған елдерде қолданылады. Сонымен қатар бірде-бір дәрігер операция бөлмесіне сақтандырусыз кірмейді", - деді ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Қазір елде 220 мыңға жуық дәрігер мен орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Ведомство басшысы сонымен бірге қызметкерлерлің біліктілігі мен еңбекақы мәселесін де қозғады.
18 қазан 2021 ж. 274 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 105

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 89

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 71

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 88

Елімізде қар жауып, аяз түседі

23 желтоқсан 2024 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031