Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылордада дизель отынының бағасы 235 теңгеге жетті

Қызылордада дизель отынының бағасы 235 теңгеге жетті

Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспардан тыс тоқтап қалды. Көрші елдерде дизель отынның бағасы күрт өсті. Осыған байланысты қыркүйек айынан бастап ел бойынша дизель бағасының өсімі және тапшылық жағдайы орын алуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конфернциясында Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Тасқараев мәлімдеді.
Көршілес Ресеймен дизель отынының литріне айырмашылық 100 теңгеге, Өзбекстанмен 70-80 теңгеге және Қырғызстанмен 61 теңгеге дейін жетеді. Барлық транзиттік автокөліктер Қазақстаннан кіріп-шығу жолында жанар-жағар май құюда, осылайша шекара маңындағы облыстарда тұтыну көрсеткіші күрт өскен.
Ағымдағы жылдың мамыр-қыркүйек айларында дизель отынына сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 480,0 мың тоннаға артқан. Тамыз айында 519,0 мың тонна дизель отыны тұтынылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қазанынан Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) жоспарлы жөндеуге тоқтатылды. Осы орайда, елімізге дизель отынының жеткіліксіз көлемі Ресейден импортталуда.
Мұрат Ибрагимұлының айтуынша, ҚР Энергетика министрінің бұйрықтарымен АИ-92 маркалы бензині мен дизель отының бағаларына мемлекеттік реттеу алынып тасталып, бүгінгі күні олардың бағалары нарықпен реттеледі.
Айта кету керек, бүгінде облыста 145 жанар-жағар май бекеттері жұмыс жасайды. Биылғы жылдың қыркүйек айының басында дизель отынының орташа бағасы 196 теңгені құраса, 13 қазандағы мониторинг мәліметтері бойынша дизель отынының орташа бағасы 210,9 теңгеге, ең жоғары бағасы 235 теңгеге жеткен.
Сондай-ақ, жыл сайын егін науқаны кезінде дизель отынына сұраныс жоғарылайды, яғни тамыз-қыркүйек айларына дейін күніне қажеттілік 170 – 180 тонна болған, қазір 245 тоннаға дейін көтерілді. Бүгінгі таңда ірі автожанармай құю станцияларының желілерінде(«Компас», «Гелиос», «Қазақ Ойл») дизель отыны лимитпен бір машинаға 50-100 литрден босатылуда, «TS», «СиноОйл» АЗС-терінде талонмен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трассасының бойында бір машинаға 100-200 литр лимитпен берілуде.
                                                        kyzylorda-news.kz
13 қазан 2021 ж. 92 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды