Қазақстанда қандай операциялық жүйелер танымал
2021 жылғы қыркүйекте Statcounter Global Stats әлемде және Қазақстанда жоғары сұранысқа ие операциялық жүйелердің (ОЖ) тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Statcounter Global Stats дерегінше, ең танымал операциялық жүйе – Android. Ол смартфондар, планшеттер, электронды кітаптар, сағаттар, фитнес білезіктерде және тағы басқа құрылғыларда орнатылған. Барлық гаджеттің 40,66%-ында Android қолданылады. Сондай-ақ ең танымал операциялық жүйелердің тізіміне Windows (құрылғылардың 32,3%) және iOS (15,97%) енді. Кейін тізімде OS X (6,82% MacBook-тың операциялық жүйесі) тұр. Басқа операциялық жүйелердің үлесі – 4,25%. Windows ОЖ дербес компьютерлер мен ноутбуктер сегментінде көшбасшы болып саналады (75,4%). Кейін тізімде OS X – 15,93%. Нарықта Chrome OS (2,59%) және Linux (2,33%) операциялық жүйелерінің де өз үлесі бар, қалған жүйелердің үлесі – 3,75%. Ұялы телефон нарығында Android (72,44%) немесе iOS (26,75%) операциялық жүйелері жиі қолданылады. Қазақстандағы ең танымал операциялық жүйе – Windows. Оның үлесі бір жылда азайған: 2021 жылғы қыркүйекте 64,23%-дан 42,05%-ға дейін. Сонымен қатар екінші орындағы Android операциялық жүйесінің нарықтағы үлесі бір жылда 23,09%-дан 41,43%-ға өскен. Кейін тізімде Apple техникасының операциялық жүйесі тұр – iOS (12,01%) және OS X (3,05%). Windows ОЖ үлесінің азаюы адамдардың басқа операциялық жүйелерге көшуін білдірмейді. Бұл елде гаджеттер арасында смартфондар үлесінің артқанын көрсетеді. Дербес компьютерлер мен ноутбуктер үшін Windows – ең танымал операциялық жүйе, нарықтағы үлесі – 90,6%. Кейін тізімде OS X (6,57%), Linux (1,09%) және Chrome OS (0,05%) тұр. Ұялы телефондар сегментінде Қазақстандағы ең танымал операциялық жүйелер әлемдегі сияқты: Android (77,68%) және iOS (22,08%).