Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында су қоймасы салынады

Қызылорда облысында су қоймасы салынады

Мемлекет басшысының Жолдауында міндеттелген тапсырмаға сай, пайдаға жарамсыз қалған Қараөзек көлдер жүйесі қайта қалпына келтірілетін болды. Тозығы жеткен қашыртқы, құм шөгіп жолы бітелген су арналары аймақта жетіп артылады. Енді сең қозғалғандай.

Қазір облыс мамандары қазылатын канал, жаңғыртылатын гидроқұрылғылардың нобайын сызып, өлшемін алып жатыр. Құрылысы 1 миллиард 900 миллион теңгеге бағаланған гидронысанның 775 миллион текше метр су жинайтын мүмкіндігі бар екен. Агроаймақ үшін маңызды нысанды іске қосу үшін 14 шақырым бөгет тұрғызылып, 13 гидробекет пен 5 бас саға салыну керек. Оған қоса 4 шақырымдық канал қазылып, 3 су тоспасының құрылысы жүргізіледі.
Жорабек Ерназаров, «ҚАЗСУШАР» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары:
– Қараөзек арнасының сағасына 50 текше метр су жіберген кезде ғана пайдаландық. Қазір 350-400 деп отырмыз. Сондықтан суды жинақтай отырып, Байгелді учаскесіне 250 текше метр су өткізетін су тоспасын саламыз. 250 текше метр Картонкомбинат су тоспасын саламыз. Қожатай учаскесінде де су тоспасы жаңадан салынады. Жалпы Қараөзек көлдер жүйесін облыс шаруалары бір ғасырдан бері пайдаланып келді. Кезінде секундына 1200 текше\метр су қабылдап, аумағы Қарағанды облысына дейін созылып жатқан. Кейін қараусыз қалған суреттегіш құралдарының бәрі қазір жарамсыз күйде тұр.
Мамандардың айтуынша Президенттің гидронысанды қайта салу шешімі Сыр өңіріндегі ауыл шаруашылығы саласына елеулі серпін береді. Өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға да септігі мол жобаның сметалық құжаттары қазір мемлекеттік сараптамада жатыр.
Жорабек Ерназаров, «ҚАЗСУШАР» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары:
– Президент республика бойынша 9 су қоймасының ішінде Қызылорда облысына 1 су қоймасы деді. Ол Үкіметке тапсырма берілді. Сондықтан жоба ендігі жылдан бастап жүзеге асырылу керек. Бұл – аса қажет нәрсе.
Қайрат Жансұлтанұлы, облыстық Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:
– Қараөзектен бөлек Күміскеткен су қоймасын салуды да жоспарлап отырмыз. Биылғы жылы су ресурстары комитеті арқылы жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген жағдайда келесі жылда ол жобаны жүзеге асыру мүмкін болады деп есептейміз. Сонымен жаңа су қоймасы бізге не береді? Біріншіден өзеннің төменгі ағысында орналасқан егіс алқаптарына жеткілікті көлемде тіршілік нәрі жеткізіледі. Сондай-ақ 120 мың гектар шабындық, жайылымдық аумақтарды тұрақты түрде суландырып отырамыз. Тағы бір қызметі Сырдариямен қыс-көктемде түсетін мол суды қабылдап, жыл сайын қауіп төндіретін тасқынның алдын алады. Енді сол нысан салынса игі.
16 қыркүйек 2021 ж. 374 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031