Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде зейнетақының бір бөлігін "Отбасы банкіне" аударуға рұқсат берілмек

Елімізде зейнетақының бір бөлігін "Отбасы банкіне" аударуға рұқсат берілмек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында зейнетақының бір бөлігін тұрғын үй алу үшін аударып тұруға рұқсат беруді тапсырды. Бұған қоса, ол елімізде азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарлама іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Тұрғын үй – азаматтарымыз үшін қашан да басты мәселе. Баспана Хит және 7-20-25 сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Сонымен қатар нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес. Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. Ұлттық даму институтына айналатын Отбасы банкі оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында “бір терезе” қағидаты бойынша есеп жүргізіп, тұрғын үй бөлу міндеті тұр”, – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Тоқаев зейнетақының бір бөлігін тұрғын үй алу үшін аударуға рұқсат етуді тапсырды. 
“Бұған дейін атап өткенімдей, мерзімінен бұрын зейнетақы жинағының бір бөлігін алудың бірқатар артықшылықтары байқалуда. Бұл азаматтардың жалақыларын заңды түрде төленуін талап етуге әкелді деп айтуға болады. Осы тұрғыда, зейнетақы жинақтамасының бір бөлігін жеткіліктілік шегінен жоғары деңгейде Отбасы банкіне тұрғын үй алу үшін аударуға рұқсат етуді тапсырамын. Бұл бастама тұрғындардың қор жинау мен қаражатты тиімді түрде басқаруға дағдылануға ықпал етеді”, – дейді Тоқаев. 
01 қыркүйек 2021 ж. 669 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031