Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыстан кейінгі өрт сөндірілді

Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыстан кейінгі өрт сөндірілді

Жақын маңдағы елді мекендердің барлық тұрғыны өз үйлеріне қайта оралды. Жамбыл облысында оқ-дәрі жарылған жерде өрт толығымен сөнді. Бұл туралы қорғаныс министрлігі ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевқа хабарлады.
Министрдің айтуынша, әскери қызметшілер өрт ошақтарында жұмыс істеп жатыр, тілсіз жау толығымен сөнді, тек бықсып жатқан екі қойма бар.
"Халықтың қауіпсіздігін жүз пайыз қамтаамасыз ету үшін барлық шара қабылдануда. Сақтау базасы қоршалған маңға жақын салынған бірнеше үйдің тұрғындарын қоспағанда, барлығы өз үйіне оралды", - делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі әскери саперлер қоймада жұмыс істеп жатқанын атап өтті. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерилері оқ-дәрі қоймасының аумағын тазалауға кірісті. Бөлімшелер инженерлік және брондалған машиналарды пайдалануда.
Әскери саперлер темір жол мен іргелес жатқан елді мекендер аумағында инженерлік барлау жүргізіп, тазалап шықты, деп түйіндеді қорғаныс ведомствосы.
Еске салсақ, 26 тамыз кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлімдегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тапты. Жоғалған үш адам іздестіріліп жатыр.
28 тамыз 2021 ж. 556 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 109

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031