Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенаторлар сайлаушылармен жүздесті

Сенаторлар сайлаушылармен жүздесті

Осы аптаның басында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов арнайы жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болды. Халық қалаулыларының негізгі мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын жүзеге асырудан туындайтын жоспарлар мен міндеттерді өңір жұртшылығына насихаттау.
Сенаторлар алдымен аудандық ауруханада болып, медицина қызметкерлерімен жүздесті. Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов жүргізді.
Кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 26 ақпандағы «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде сөз болған мәселелер жайы баяндалды. Мінбер төрінен көрінген Мұрат Бақтиярұлы халық денсаулығы, одан кейін білімі және әлеуметтік ахуалдың қорғалып, жоғарғы деңгейде болуы қажет екендігін атап өтті.
– Елімізде медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін ең алуымен мамандардың еңбекақыларын көтеру басты назарда. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап орта буын қызметкерлерінің айлық жалақысы 30 пайызға көтерілетін болады. Қазіргі уақытта медицина саласын сандық форматқа көшіру жүзеге асырылып жатыр. Бұл медицина саласын қағазбастылықтан арылтуға апаратын бірден-бір жол және сапалы, аз уақыт ішінде қызмет көрсету мүмкіндігін береді, – деді.
Парламент Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов елiмiздi одан әрi дамытуда, белгіленген бағдарламаларды өңірлер бойынша іске асыруда сапалы заңнамалық қамтамасыз етудiң маңызы зор екенiн айтып, кейбір заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.
Сонымен бірге Сенат депутаттары әлеуметтік мәселелерге, ішкі миграция, инфрақұрылым, жастардың жұмыссыздық мәселелері жөнінде пікірлерімен бөлісті. Жиын барысында қатысушылар халық қалаулыларына көкейкесті ұсыныстарын жеткізді.
Бұдан кейін сенаторлар №170 мектептің педагогикалық ұжымымен кездесті. Басқосуға келген білім саласы қызметкерлері көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
“ҚАЗАЛЫ” ақпарат

07 наурыз 2019 ж. 1 101 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 28

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 29

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 31

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031