Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БЖЗҚ төлемге жүгінбеген 28 мың зейнеткерді тапты

БЖЗҚ төлемге жүгінбеген 28 мың зейнеткерді тапты

Биылғы жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясымен бірге әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде зейнеткерлік жасқа жеткен, бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалған, бірақ зейнетақы жинақтарын төлеу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген тұлғалардың бар-жоқтығын салыстыру жұмыстарын жүргізе бастады.
2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ деректер базасында зейнет жасына жеткен, бірақ БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын төлеуге өтініш бермеген алушылардың, жалпы көлемі 13 миллиард теңгеге жуық 177 мың жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жағдай 2018 жылдың 11 қазанында енгізілген “бір терезе” қағидаты бойынша зейнет жасына жетуге байланысты бірыңғай өтінім беруге арналған композитті қызмет үшін азаматтардың БЖЗҚ-ға да, мемлекеттік корпорацияға да жүгінуге мәжбүр болғанға дейін болды. Осыған байланысты, 2018 жылдың 11 қазанына дейін зейнетке шыққан зейнеткерлердің бір бөлігі бюджеттен зейнетақы алды, бірақ БЖЗҚ-дан төлемдерсіз қалды.

БЖЗҚ салымшылардың деректерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізді және 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап Қордан төлемдер жүргізілетін адамдардың тізімін жасақтады.

БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының 10 -тармағына сәйкес мемлекеттік корпорациямен зейнетке жету жасы бойынша тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджеттік қаражат есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің болуы үшін осындай алушылармен, сондай-ақ, “Мобильді азаматтар базасының” ақпараттық жүйесінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу бойынша белсенді қызмет көрсету үшін алушылардың ұялы телефон нөмірлерін анықтауға орай салыстыру жұмыстарын жүргізді.

Салыстыру нәтижелері бойынша “Мобильді азаматтар” деректер базасында тіркелген және бюджеттік қаражат есебінен зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын 46 696 адам анықталды, оларға Қордан зейнетақы төлемдерін тіркеуге келісім алу үшін белсенді қызмет аясында SMS жіберілді. Келісіммен жауап берген адамдарға “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы бұрын зейнетке жету жасы бойынша және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ұсынған зейнеткерлердің банктегі шоттарына зейнетақы төлемдерін жүргізді.
Атап кету керек, белсенді қызмет жеке тұлғаның мемлекеттік корпорация жіберген SMS хабарламаға жауап ретінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға келісімін растауды білдіреді, яғни Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарласпай өтініш беру үшін қызмет көрсетуді қашықтықтан қамтамасыз ету қарастырылған. Басқаша айтқанда, мемлекеттік корпорация алушыларға смс-хабарлама жібереді, олар бұл қызметті sms-хабарлама арқылы алуға да келісім берулері керек. Сондықтан алушыларға Мемлекеттік корпорацияның (ХҚО) кеңселеріне барудың қажеті жоқ.

Ағымдағы жылдың жеті айында 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнеткерлік жасқа жеткен 28 мың зейнетақы төлемдерін алушыларға БЖЗҚ мемлекеттік корпорация арқылы 3 млрд. теңге шамасында төлем жасады. Бұл ретте 27 мыңға жуық төлем алушыларға төлемдер ағымдағы жылдың мамыр айынан, яғни белсенді қызмет енгізілген сәттен бастап жүзеге асырылуда.

Осылайша БЖЗҚ мемлекеттік корпорациямен бірге зейнетақы жинақтарын төлеуге өтініш бермеген зейнеткерлерді анықтау және олармен байланыс орнату бойынша белсенді қызметті одан әрі жалғастыруда.
17 тамыз 2021 ж. 273 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930