Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада биыл 6 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Қызылордада биыл 6 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Қызылорда облысында биыл 6 жаңа мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның 4-і мемлекеттік, 2-і жекеменшік болып отыр. Олардың 3-і жаңа оқу жылында өз жұмысын басатаса, 3-інің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Жаңа оқу жылында Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп ел игілігіне беріледі. Қалған 2-і жеке білім ошақтары. Айта кетейік, алдағы оқу жылында аймақта 173 796 оқушы білім алады. Оның ішінде 1 сыныпқа қабылданған бала саны - 17 746. 1 қыркүйекте мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге «Әліппе» салтанатты түрде табысталады. 1 сынып оқушыларының оқулықтары толығымен жаңартылған. Республикалық бюджеттен бөлінген 1,1 млрд теңгеге жаңа оқулықтар алынып, бүгінде барлық оқушыларға түгелімен таратылды. Мектеп формасына қойылар талап та қатаң болмайды. Білім алушылар үшін мектеп формасымен қатар классикалық үлгідегі киімдерді киюге рұқсат етіледі. «Облыс бойынша 12 940 балаға тегін мектеп формасы, аяқ киім және оқуға қажетті құрал-жабдықтар берілмек. Ол үшін арнайы 5 категория түзіліп, жәрдемді қажет ететін отбасылар тізімі жасақталды. Осы тізімге енген әрбір ата-ана басқарма тарапынан келісілген тігін шеберханаларына барып, балаларын киіндіре алады. Айта кету керек, ата-аналардың есепшотына ешқандай қаржы аударылмайды. Заң аясында төтенше жағдай салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасыларға ғана ақшалай көмек беріледі», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова. Еске салсақ, Қызылордада шыны зауыты биыл іске қосылады.
08 тамыз 2021 ж. 512 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 149

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031