Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 тамызға арналған ауа райы болжамы

7 тамызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 7-сі күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың солтүстік, орталық аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен, күн райы тұрақсыз болады.

Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Басқа аймақтарда күн жауын-шашынсыз болады. Батыста және оңтүстікте қатты ыстық болады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз кей жерлерде бұршақ жайып, дауыл тұрады, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Түркістан облысында, күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен есіп, шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Кызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.




07 тамыз 2021 ж. 620 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031