Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!
Елiмiз егемендiк алғалы 30 жылдан бері рухани құндылықтар қайта жаңғырып, дәстүрлі дiннің өнегелi жолы дәріптелуде. Ынтымақты ту қылып ұстайтын елімізде Құрбан айт елдік деңгейдегі мереке ретінде тойланып келеді.
Құрбан айт – сауапты істер жасайтын, құлшылық ететін қасиетті күндер ғана емес, ол адамдар арасында бауырмалдық орнатып, өзара достыққа, ынтымақтастыққа, сүйіспеншілікке шақыратын мереке.
Алланың ақ жолына адалдық пен таза көңiлде бет бұрған болмысымыз бүгiнде ұлттық ұлағатқа ұласты. Үлкендi құрметтеу, кішіге iзет көрсету секiлдi сыйластық арта түстi. Өткеннiң өнегесiн ұмытпай, тiрiге үлгi ету, әруақты қадiрлеу әрбiр мұсылманның басты парызына айналды. Бұл – бiздiң адамгершiлiк рухымыздың айбынды бейнесi.
Қадірлі ағайын!
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты Айт намазы онлайн оқылады. Осыған орай Сіздерден қасиетті мереке кезінде қауіпсіздік шараларын есте ұстап, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын.
Құрбан айт мерекесінде әрбір шаңыраққа шаттық пен береке, жақсылық пен амандық тілеймін. Тәуелсіз еліміздің еркіндігі баянды болып, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын!
Құрбан айт құтты болсын!
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұхтар ОРАЗБАЕВ
17 шілде 2021 ж. 624 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 138

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 143

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 153

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 130

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 128

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 145

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031