Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Полицейлер еңбегі еленді

Полицейлер еңбегі еленді

23 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында карантиндік талаптарды сақтай отырып Қазақстан полициясы күніне орай марапаттау рәсімі өтті.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай мен полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Болат Кабизов ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді. Полицейлерге ҚР Ішкі істер министрлігінің және облыстық Полиция департаменті бастығының, сондай-ақ аудан және кент әкімдерінің марапаттарын табыстады.
Мұнымен қоса Ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІІ дәрежелі мінсіз қызметі үшін медалімен криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны Мұрат Баймаханов және жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Бағдаулет Сарсенбаев, сондай-ақ полиция майоры арнаулы атағымен жедел криминалистика тобының аға криминалисі, полиция капитаны Дулат Қабақбаев марапатталды.
Ал Ішкі істер органының зейнеткерлері Нарымбет Нағашыбай мен Жәдігер Өтепов, уақытша ұстау изоляторының полицейі, полиция аға сержанты Кайрат Бижанов және Жедел криминалистика тобының техник криминалисі, полиция аға сержанты Нұркен Аманкелдіұлы Алғыс алды.
Сонымен қатар, 10 қызметкер аудан әкімінің, 5 полицей кент әкімінің және 5 маман бөлім бастығының бұйрығымен құрметке бөленді.

Арайлым ЖҮСІП

26 маусым 2021 ж. 1 297 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 19

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031