Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа нысан пайдалануға жақын

Жаңа нысан пайдалануға жақын

Соңғы жылдары құрылыс саласында жүзеге асқан жүйелі жұмыстарды Қазалы ауданынан да байқауға болады. Сондай көпшілік күткен нысанның бірі – аудандық мәдениет үйінің құрылысы.
Бұған дейін жергілікті тұрғындарға ұзақ жылдар мәдени іс-шаралар өткізуге арналған негізгі мекеменің қажеттілігі туындаған. Енді аз уақытта ғимарат толық бітіп, пайдалануға берілмек. Құрылыс жұмыстарының қазіргі жай-күйі туралы участок бастығы Бағдат Утановтан сұрап, білгенімізде:
– Әйтеке би кентіндегі бұл 600 орындық мәдениет үйінің құрылысын халық игілігіне беретін күн жақын қалды. Барлық дерлік жұмыстар бітті. Жылу, кәріз, электр энергиясын жеткізу істері толық аяқталды. Енді жұмысшылар тазалау, сыпыру, көгалдандыру жұмысымен айналысуда, – деді.
Бүгінде облыстық деңгейде қолға алынған ғимаратты уақытында бітірумен бірге, оның сапалылғы тікелей қадағалануда. Құрылыс прорабы Сағат Тәжімұратов өздеріне жүктелген міндеттен шығатындықтарын айтты.
Мәдениет үйін салумен айналысып жатқан құрылысшылар көрермендер залы мен сахнаға қажетті құрал-жабдықтар орналастырылуда. Кешен айналасына көріктендіру, абаттандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Жарықшамдар орнатылып, брусчатка төселген, тынығу орнына келген қазалылықтар мен қонақтар үшін жайлы жағдай жасалған.
Аталмыш құрылыс жұмыстарын қызылордалық «Қазқұрылыссервис» ЖШС жүргізуде.

Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
22 мамыр 2021 ж. 626 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 111

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 114

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 114

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 112

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 118

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 110

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031