Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 мамыр күні Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады

21 мамыр күні Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.
Бүгін еліміздің территориясының басым бөлігінде құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі. Тек еліміздің оңтүстік аймақтарында жоғарғы қысым аумағының әсерінен жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, күндіз Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. 
Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түркістан облысының таулы аймағында дауыл соғады. Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік жүреді. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады. 
21 мамыр 2021 ж. 305 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031